Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шектен шықса»: Имам әйелдерді қалай ұрып-соғу керектігін үйретті (ВИДЕО)

«Шектен шықса»: Имам әйелдерді қалай ұрып-соғу керектігін үйретті (ВИДЕО)
Сурет: rbc.ru
Имам ер адамдарға әйелді қалай ұру қажетін түсіндірді

Имам егер әйел шектен шығып жатса, оны ұруға болатынын айтты. Бұл туралы видео «Татар-информ» YouTube-арнасында жарияланған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Хазіретпен шай» подкастында татарстандық имам әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы сұрақтарға жауап берген. Имам Камаев мұсылмандарға әйелдерін қай кезде ұруға болатынын түсіндірген.

«Бұл жерде мынаны агықтап алу керек: Егер ол түсінбей жатса, мисуах деген таяқшаны әйеліңізге бір-екі рет тигізіп қою керек. Бұл оның денесіне жарақат немесе көгеру қалдыру емес. Адамға «тоқта, сен дұрыс істемедің» дегенді ғана білдіреді. Еркектің қол көтеруі ол әйеліне деген разы еместігін білдіреді», - дейді имам.

Сондай-ақ, имам бірнеше кеңестер айтқан. Айтуынша, әйел, өзінің дұрыс емес нәрсе істеп жатқанын түсінуі керек.

«Бірге жататын төсекті бөліңіз. Әйел онда да түсінбей, дұрыс емес әрекетін жалғастырып, шектен шықса, ұруға болады”, – деді ол.



 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар