Белгілі блогер Айжан Байзақованың күйеуі Нұрбек Арыстанды көлік қағып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Айтуынша, ұялы телефонына қарап келе жатқан көлік жүргізушісі, жаяу жүріншілер жолағындағы адамды байқамай қалған.
"Нұрбекті көлік жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті. Көлік жүргізушісі телефонға қарап келе жатқан. Жолдасым кішігірім жарақат алыпты. Нұрбек көлікті зақымдаған. Көлік жүргізушісін кешіре салыпты. Енді үйге түк болмағандай келіп тұр. Күйеуімді көлік қаққан сияқты еді. Бірақ жолдасымның орнына көлік зақымданған. Бәрі жақсы, шүкір. Бірақ бұл да бір белгі деп қабылдайық. Жаяу жүргіншілер жолағында абай болып, көлік жүргізгенде телефонға қарамаңыздар. Нұрбек пен жүргізушінің жолы болды. Десе де екеуіне де үлкен сабақ болды", - деп жазды Айжан Байзақова.