Қоғам
Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды
- автор kyn.kz
- 22 шілде, 2024
- 1.3k
Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды.
Қазір Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен («әділет кеңесшісі» сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.