«Отаным Ресей үшін жұмыс істеуге дайынмын»: Желіде Василий Жировтың даулы хаты жарияланды
- автор kyn.kz
- 22 шілде, 2024
- 2.0k
Әлеуметтік желіде бокстан 1996 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық Василий Жировтың IBA басшысы Умар Кремлевке жазған хаты пайда болды, деп жазады KYN.KZ тілшісі Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап.
Жировтың хатын ресейлік боксшы, 2001 жылғы әлем чемпионы Андрей Гоголев жариялаған.
— Қадірлі Умар Назарович!
Сізге өзімнің үлкен тәжірибем мен білімімді пайдалана отырып, ресейлік және әлемдік боксқа пайдамды тигізуге дайын екенімді жеткізгім келеді.
Өзіңіз білетіндей, мен 1996 жылғы Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогінің иегерімін, Азия және Азия ойындарының чемпионымын. Жастар арасындағы Еуропа чемпионымын, IBF, NABO, WBC continental тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионымын.
Бұл жетістіктердің барлығы менің боксты терең түсінетіміне және жақсы көретінімен дәлел бола алады.
Қазіргі таңда мен АҚШ-тың Аризона штатындамын, бірақ, мен Ресейдің, өзімнің отанымның игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екенімді айтқым келеді.
Менің білімім мен тәжірибем ресейлік және әлемдік боксты дамытуға пайдалы боларына сенімдімін. Мен мұны жас спортшылармен бөлісіп, олардың биік белестерді бағындырып, Ресейді әлемдік аренада танытарына сенімдімін.
Мен орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеуге, спортшыларға тек физикалық күшті емес, төзім мен дисциплинаны талап ететін бірегей спорт түрі – бокс туралы айтуға дайынмын.
Мен ресейлік бокстың дамуына үлес қосып, жас спортшылардың өз мақсатына жетуіне көмектесу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын, — делінген хатта.
Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионының бұл хаты көпшіліктің түсінбестігін тудыруда.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024