«Ұл туу – бақыттың шыңы»: Жұлдызай Дүйсенбиева кейбір ер адамдарға ашуланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 шілде, 2024
- 375
Белгілі актриса әрі әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева әйелдерді ұл тумағаны үшін кінәлайтын ер адамдарға шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол ұл туған әйел бақытты деген ұғымға қарсылығын білдірді. Бұл туралы актриса "Мамский әңгіме" подкастында айтты.
"Маған жеке парақшама кейбір кісілер, "Енді бір ұл туып, бақытты болыңызшы" деп жазады. Ұлым жоқ болғаны үшін мен бақытсыз екенмін. Ұл да, қыз да – перзент. Құдай кімді берсе, соны аласың. Сол дүниені түсінбеймін. Ұл туу – бақыттың шыңы. Ұл туған әйелді бақытты етіп қойған. Мен үшін ауыр ұғым. Мен ұл тусам ғана бақытты екенмін. Бір қызым болса да, мен бақыттымын. Жиен мен немерені де бөлгенін қаламаймын. Ұл тумадың деп еркектер әйелдерін кінәлайды. Тіпті сол үшін ажырасып жатады екен. "Еркектен еркек туады" деген қайдан шыққан қағида", – деп күйінді өнер иесі.