Қоғам
Алакөлде ер адам мен әйел дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлады
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 шілде, 2024
- 245
40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр
Ақши ауылының маңындағы Алакөлде дельтапланмен ұшып бара жатып суға 2 адам құлады. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккен талдықорғандық әйелдің сол жақ тізесі көгерген. Миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Бас және бет сүйектері сынған.
Ал 1980 жылы туылған азамат Іле ауданы Жетіген ауылының тумасы екені анықталды. Оның жамбас сүйегі сынып, басынан қатты соққы алған.
Қазір науқастар Алакөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024