Спорт
«Қатаң тыйым салды»: Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 шілде, 2024
- 245
Спортшының жазғы ойындардан сырт қалуына денсаулығының сыр беруі себеп болған
Қазақстандық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап. Бұл туралы отандық теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Спортшының жазғы ойындардан сырт қалуына денсаулығының сыр беруі себеп болған.
«Елена бронхиттің қабынуынан сырқаттанып қалды, дәрігерлер оның кортқа шығуына ғана емес, жарысқа ұшып келуіне де қатаң тыйым салды. Рыбакина жазғы ойынға белсенді түрде дайындалып, өзінің жоғары деңгейін көрсеткісі келген. Алайда, сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады», — делінген федерация хабарламасында.
Келесі мақала