Спортшы: мүмкін емес нәрсе жоқ!
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жетістікке жету жолында барлық қиындықты жеңуге болатынын айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.
"Мүмкін емес нәрсе жоқ. Соған көзім жетті. Егер ниет болса, бәрін де жеңуге болады. Бәрі де қолдан келеді екен.
Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалып, жекпе-жек түрлерінен қазақтан Олимпиада чемпионы шықты. Өте қуаныштымын!
Өзімнің үшінші мүмкіндігімде чемпион атандым. Бұған дейін күмісті де, қоланы да алдым. Әлем чемпионы атандым. Халқымды қуантудан артық бақыт жоқ",- деді Сметов.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жергілікті балуан Лука Мхеидзені жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
«Әке» деді»: Илья Ильин қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2024