Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тарихи сәт: Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы болды

Тарихи сәт: Елдос Сметов Париж Олимпиадасының  чемпионы болды
Сали Сабиров
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

Сметов 60 келі салмақта жеңімпаз атанды. Финалда ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, франциялық Лука Мхеидзені жеңді. 

Елдос белдесу соңына қарай маңызды ұпай жинап, сол басымдықты сақтап қалды. Нәтижесінде, ол дзюдодан Қазақстан тарихында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде тарихқа енді. 

Айта кетелік, Елдос өз мансабында үшінші рет Олимпиада жүлдесін алып отыр. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс алған ол Токиода қола жүлдегер атанған еді. 

Олимпиаданың аңсаған алтынына ол 31 жасында, Париж төрінде қол жеткізді.

Құтты болсын, Қазақ елі!

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар