AMANAT партиясының экс-басшысы 7 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 тамыз, 2024
- 916
Ақсу ауданындағы AMANAT партиясының басшысы 40 жастағы Серікжан Жақыпов зорлау ісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат желіде тарады. Мәлімет бойынша, сараптама оның 7 жасар баланы зорлағанын анықтады. Анасы ақсу ауданының полиция бөлімшесіне арыз жазды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
AMANAT партиясы Жақуповтың ол мекемеде жұмыс істемейтінін мәлім етті.
«Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы осы жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кеткен», - делінген.
Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке сәйкес, Жақыпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу облысы әкімінің аппаратын басқарған. Ал 2024 жылдың 31 наурызында Ақсу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Серікжан ЖақыповАқсу ауданы, Жансүгіров ауылында тұрады.