Алматыда талапкер Тоқаевтан Ғылым және жоғары білім министрін отставкаға жіберуді сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 тамыз, 2024
- 1.1k
Алматыда талапкер Медина Майсар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті отставкаға жіберуді сұрайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол білім министрлігінің заңсыз әрекеттерге жол берді деп айыптады.
«Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапынан менің және басқа да талапкерлердің құқықтары бұзылғаны үшін қорғауыңызды сұраймын. Сондай-ақ, жағдайды қадағаламаған және өз кезегінде қатені түзетпей отырған Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбекті отставкаға жіберуіңізді сұраймын», - делінген талапкердің жазбасында.
Медина мектепті осы жылы аяқтаған, ҰБТ-дан 119 балл жинаған. Ол «Құқық» мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа тапсырған. Алайда, оны қабылдамаған. Өйткені гранттың 20 пайызы төтенше жағдай орын алған аймақтарға берілген. Қыздың айтуынша, ол өңірдегі талапкерлер өзімен салыстырғанда ҰБТ-дан аз балл жинаған.
«Бұл заңсыз болды деп есептеймін, себебі, біріншіден, министрліктің жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауға жаңа квоталарды белгілеуге құқығы жоқ. Бұл өкілеттіктер тек парламентке ғана берілген. Екіншіден, заңды түрде квота белгілейтін мұндай нормативтік құқықтық акт жоқ. Квота тек Ғылым және жоғары білім министрлігінің сөзі бойынша ғана бар. Мұны ол өзі ойлап тапқан және заңсыз негізде конкурстан адал өткен талапкерлерден мемлекеттен бөлінген мыңдаған грантты тартып алып отыр», - дейді мектеп түлегі.
Медина оқуға түсу грантын Алматыдағы Нархоз университетінен алған.