Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сапасы нашар»: Назым Қызайбай Олимпиададан алған медаль туралы айтты

«Сапасы нашар»: Назым Қызайбай Олимпиададан алған медаль туралы айтты
Сурет: olympic.kz
Медальдің сырты аздап кетіп жатқанын айтты

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай медальдың сапасы нашар екенін айтты. Бұл туралы ол Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап беру барысында жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, кеше ғана алып келген медальдың сырты аздап кетіп жатыр.

«Бұрын медаль алмай тұрғанда, басқа спортшылардың шағымын естіген едім. Шыны керек, кейін қолға алғаннан кейін, сапасы нашар болды. Сырты аздап кетіп жатыр. Негізі медаль әдемі. Әйтпесе бокста жүргеніме қанша жыл болды. Бұл медаль – 16 жылда алған медальдарымның ішіндегі ең ерекшесі, әдемісі», - деді Назым Қызайбай.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар