Қаңтар оқиғасы: оқ тиіп қаза тапқан 4 жасар Айкөркем отырған көлік әкесіне қайтарылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 тамыз, 2024
- 520
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшып, қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдехан мінген Volkswagen Passat екі жыл сегіз айдан кейін қыздың әкесіне қайтарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Азаттық Радиосына” сілтеме жасап
Жан-жағын оқ тесіп, терезелері шағылған көлікті Айдос Мелдехан «ескерткіш боп қалады» дейді.
“Мынау есіктің қаңқасы. Ал мынау оқ ұшқан жері. Жақсылап қарасаңыздар мына қалдықтар адамның миының қалдықтары. Миын шашып жіберген. Арттан алдына қарай атылған. Бұл оқ атылмағанда Айкөркем аман қалар еді”, – дейді Айкөркемнің әкесі.
Айкөркемнің әкесі оқ көліктегі отырған адамдарға атылғанын айтады. Өйткені көлікке 20 шақты оқ атылған.
"Біздің көлік оққа ұшқан. Билік тек дөңгелектен аттық деп жатыр. Дөңгелектің төңірегінде оқ атылған жер жоқ. Оқ алдыңғы әйнекке, көліктің алдына және артқы есіктерге тиген оқ. Ішінде адам отырады ау деген жерлерге арнайы оқ атқан. Көліктің ішіндегі адамның барлығын өлтіру мақсаттары болған. Өйткені адам отыратын жерлерге атылған. Алдыңғы әйнекте үш оқ, көліктің алдында төрт оқтың ізі тұр. Артқы есікке сегіз оқ. Кіші қызым Айкөркем артқы орынның ортасында отырған. Үлкен қызым Жанэль алдында отырған”, – дейді Айдос Мелдехан.
Айкөркемнің өліміне кінәлі деп танылған әскери қызметкер Арман Жұман өзінің де қарындастары барын айтып, көлікте кішкентай қыздың отырғанын көрмегенін жеткізді.
"Иа, өкінішті жағдай. Өзімнің де екі қарындасым бар. Мен ол қызды көрген болсам, атуға бұйрық бермейтін едім. Менің адамның жанын алуға қақым жоқ. Кім кінәлі екенін білмеймін. Айкөркем отырған көлікті көрген жоқпын. Көрмеген көлікке қалай бұйрық беремін», - дейді ол.
Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылды
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024