Танымал қазақстандық боксшыЖанқош Тұраров қыз зорлаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 21 тамызда таңертең әлеуметтік желілерде 2024 жылғы 19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты полиция департаментіне 5-шағын ауданда зорлау фактісі болды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің оны Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады. Оны ұстау шаралары жүргізілуде.
Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген түсініктемеде.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024