Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шындықты айтуға дайынмын»: Жанқош Тұраровты айыптаған әйел адам өзінің зорланғанын дәлелдемек

«Шындықты айтуға дайынмын»: Жанқош Тұраровты айыптаған әйел адам өзінің зорланғанын дәлелдемек
Сурет: Ашық дереккөздерден
Алматы қалалық полиция департаменті спортшыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару Құрманәлі барлық шындықты айтатынын мәлімдеді. Ол Алматы қалалық полиция департаментіне арыз жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Әнару Құрманәлі сұхбат беріп, спортшымен арада болған оқиғанын рас екенін жеткізді.

«Бұл дүниеде бар нәрсенің бәрі рас! Мен барлық шындықты айтуға дайынмын», - деді Әнару Құрманәлі.

Бірақ 19 тамызда болған оқиғаға қатысты сұраққа жауап бермеді. Алматы қалалық полиция департаменті спортшыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Айта кетсек, белгілі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 1996 жылы туған Әнару Құрманәліні зорлады деп айыпталған болатын. Алайда спортшының мұны жоққа шығарып, мәлімдеме жасады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар