Қоғам
Telegram-арнасының негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 тамыз, 2024
- 385
Оған 20 жылға дейін түрмеге қамалу қаупі төніп тұр
Telegram-ның негізін қалаушы, бизнесмен Павел Дуров Францияда қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
LCI телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Дуров Ле-Бурже әуежайында ұсталған. Ол Әзірбайжаннан қайтып келе жатқан. Оның жанында сүйіктісі мен оққағары болған.
Оның қамауға алыну себебі әлі нақтылануда. Ал TF1 француздық телеарнасы елдің құқық қорғау органдары Дуровты «есірткі айналымы, балаларға қарсы және алаяқтың қылмыстарына» қатысы бар деген күдікке ілінгенін айтқан.
Қамауға алу туралы ордерді Францияның ұлттық сот полициясы басқармасы алдын ала тергеу негізінде берген. Оған 20 жылға дейін түрмеге қамалу қаупі төніп тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024