Калейдоскоп
Бұршақ, жауын, дауыл: 25 тамызға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 тамыз, 2024
- 914

Қазақстан бойынша жел күшейеді
“Қазгидромет” 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Республика аумағының көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Найзағаймен бірге жауын жауады.
Елдің шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық.
Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Солтүстікте, шығыста, орталықта — бұршақ, дауыл, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында — түнде және таңертең тұман түседі.
Барлық облыста төтенше өрт қаупі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Калейдоскоп
11 жастағы немересі ойнауға тыйым салған әжесін пышақтап өлтірді
- авторkyn.kz
- 2 ақпан, 2025