"Денелерін тілгілеп, мұздай суға салған": Жетісайда әйел үш өгей қызын жан түршігерліктей азаптап, оны күнделігіне жазған
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қыркүйек, 2024
- 1.7k
Еліміздің оңтүстік өңірінде 12 жастағы қызды өгей шешесі аяусыз ұрады. Бұл туралы журналист желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистке оқырманы хат жазған. Айтуынша, өгей шешесі 12 жастағы қызды азаптайды. Тіпті далаға да шығармайды екен. Сонымен қатар Гүлмира Әбіқай Түркістан облысында осыған ұқсас оқиғаны есіне алды. Ол 5 жыл бұрын болған.
«Ватсап пен директегі хаттарды оқып тауысу мүмкін емес. Ең өкініштісі, қатыгездік жалғасуда. Көп хаттың арасынан өгей шешесінен қорлық көрген қыздың тағдырынан елеусіз өте алмадым. Оқиға тағы да оңтүстік өңірде.
Айтпақшы, осыдан 5 жыл бұрын елді дүр еткізген оқиға немен бітті, кім біледі? Түркістан облысының Жетісай ауданында өгей 3 қызды қорлап, кемпірауызбен денелерін піскілеп, пышақпен жарақаттап, мұздай ваннаға түсіріп, бұл аздай өз қорлығын күнделікке жазып отырған әйел қандай жаза алды? Әлде, тергеу соңында ол да ауру болып шықты ма?
Әйтеуір, бұл өңірдегі төбе шашты тік тұрғызған қатыгездердің бәрі соңында ауытқуы бар науқас болып шығуда», - деп жазды журналист.