“Ұрып құлатты ма?”: Дина Төлепберген Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты тың дерекпен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қыркүйек, 2024
- 675
Тележүргізуші Дина Төлепберген әскерде жүріп бас-ми жарақатын алған Ербаян Мұхтардың оқиғасына қатысты жаңа дерек айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, оның көмекшілері Ербаян болған әскери бөлімшеге барып, полковникпен тілдесіп көрген.
«Есінен танып құлады ма әлде ұрып құлатты ма? Міндетін атқарамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты еліміздің барлық азаматы секілді менің де көкейімде сұрақ көп. Көмекшілерім Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне барып, елең еткізер фактілерді тапты», – деді журналист.
Дина Төлепберген полковник сарбаз «Очко» деген жерде құлаған. Алайда журналист ол сөздің мағынасын түсінбегенін айтты.
«Очко» деген сөзін түсініп тұрғаным жоқ. Интернетте «очко» деп іздегенімде мынандай суреттер шықты. Тізілген тесіктер. Расында осындай болса, әскердегі дәретханада интимдік шекара деген атымен жоқ екен. Әрине, бұл менің пайымым, себебі бізді ішке кіргізбеді. Полковниктің айтуынша, әлгі «очкода» Ербаянның құлағанын көрген куәгер болған екен. Бірақ үлкен себеппен көмектесе алмапты», – дейді ол.
Айта кетсек, Ербаян Мұхтар өткен жылдың 4 желтоқсанында белгісіз себеппен құлап, 6 айдан аса уақыт комада жатты. Қазір үйіне ауыстырылған.