Мәдениет
«Жақсы көремін»: Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қыркүйек, 2024
- 325
Біздің некемізді сақтап қалу мүмкін болмады
Танымал Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуі Әзілхан Сейітбаевты жақсы көретінін, бірақ некелерін сақтау мүмкін болмағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жақында Дильназ Ахмадиева экс-күйеуі, ұлының әкесімен бірге махаббат туралы бейнебаян түсірген. Осыдан кейін оқырмандары екеуіның қайта қосылғанын болжаған еді.
«Біз қайтадан қосылған жоқпыз. Бірақ мен ұлымның әкесі сол болғаны үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Ол өте ақылды. Шығармашылыққа жақын, жаны нәзік адам! Оның бойындағы қасиеттер менің де жаныма жақын. Біздің некемізді сақтап қалу мүмкін болмады. Оның болашақ жарының жолы болатынын білемін. Азилька, саған шын жүрегіммен бар жақсылықты тіледім. Өзіме рұқсат берілгенше ғана жақсы көремін. Ағам секілді», - деп жазды әнші.
Келесі мақала