Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар 8 қыркүйек күні Отбасы күнін атап өтеді

Қазақстандықтар 8 қыркүйек күні Отбасы күнін атап өтеді
Сурет: quasa.io/ru
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні тойланады. Биыл мереке 8 қыркүйекке түсіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясы қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күн арнайы тақырыпқа арналады.

2 қыркүйек – отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз;

3 қыркүйек – отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулық;

4 қыркүйек – саналы түрде ата-ана болу;

5 қыркүйек – дені сау ұрпақ;

6 қыркүйек – мықты отбасы - мықты мемлекеттің кепілі;

7 қыркүйек – отбасылық әл-ауқат;

8 қыркүйек – отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мұндай форматтың мерекені кең ауқымда өткізуге және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Бүгінгі таңда отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер", - деді Евгений Кочетов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар