Оралда әйелінің жалаңаш суретін туысқандарына жіберген ер адам сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024
- 698
Оралда әйелінің интим суретін туыстарына жіберіп, ақша бопсалаған ер адам сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Соттың мәліметінше, күйеуі әйелінен өзінің интимді суреттерін жіберуін сұраған. Ол кезде олар некеде болған. Әйелі де оның WhatsApp нөміріне жіберген.
Алайда араларында жанжал туындап, әйел ажырасқысы келгенін айтады. Бірақ күйеуі ажырасуға келісім бермеген. Әйелінен ақша бопсалап, жалаңаш суреттерін таратып жіберемін деп қорқытқан. Сөйтіп ол жұбайының интимді суреттерін WhatsApp арқылы қайын атасына және өзге де туысқандарына жіберген.
Сот істің барлық материалдарын зерделеп, сотталушыны Қылмыстық кодекстің 2 бабы – «Бопсалау» және «Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу» бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024