Басты жаңалықтар
«Үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр»: Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатына түсікенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
- 2.0k
Оқиға Атырау-Орал тас жолының бойында болған
Актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатына түскенін айтып, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға Атырау-Орал тас жолының бойында болған.
“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер.
Қазіргі уақытта әкесін қалаға әкелгенін айтты.
“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – деп жазды Жахан Отарғалиев.