«Құран оқыттық»: Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару Құрманәлі мешітте шелпек таратты
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
- 821

Әнару Құрманәлі имамның Орталық мешітке барып шелпек таратты. Ол марқұм анасына құран оқытты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Адвокатының айтуынша, ол әкесі мен анасының кезінде некесін қиған имамға барып, құран бағыштаған.
«Әнарудың анасының аруағына бағыштап, жеті шелпек пісіріп, мешітке барып, құран оқыттық. Әнару шелпектерді өз қолымен пісірді. Қамырын мен ашытып кеткем. Үстіндегі көйлек менің көйлегім. Тігіншілік өнерімнің алғашқы туындысы ғой. Мамасының киімін киіп алғандай қолпылдатып, “матасы жайлы, күшті екен” деп киіп алады. Орталық мешітке бару Әнарудың ұсынысы. Әкесі Қалдыбек ағамыз бен аяулы әпкеміз Ақмаржанның Алла алдындағы некесін қиған кісі қазір осы мешіттің бас имамы екен», — деп жазды Әнару Қылдыбектің адвокаты Ләззат Ахатова.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025