Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бөпені қайтесің?: Мереке Қалбаева күйеуінің жасы кіші болғанына мән бермегенін айтты

«Бөпені қайтесің?: Мереке Қалбаева күйеуінің жасы кіші болғанына мән бермегенін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Қалай бар, солай жақсы көргем ғой

Белгілі жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен бұрынғы кездесіп жүрген сәттерін есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол ешуақытта күйеуінің жасы кіші болғанына қарамаған.

«Арсеннің бұрынғы түрі потолок, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде «өтірік» деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт «Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін» деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, «Бөпені қайтесің?» дегені есіме түсіп кетті. Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой», – деп ағынан жарылды блогер ару.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар