Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Динара Адам мені телефонмен балағаттап, жобадан құры деді!» Qazaqstan ұлттық арнасы Ақбота Керімбековаға жауап берді

«Динара Адам мені телефонмен балағаттап, жобадан құры деді!» Qazaqstan ұлттық арнасы Ақбота Керімбековаға жауап берді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақүйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты

Qazaqstan ұлттық арнасы белгілі әнші Ақбота Керімбекованың «Жұлдызды жұп» жобасына қатысты ренішіне жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Qazaqstan» телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі «Жұлдызды жұп» бағдарламасының түсірілімі қарсаңында қатысушылар орналасатын қонақүй нөмірін алдын ала рәсімдеуде қателік кеткен. Нақтырақ айтқанда, әнші Ақбота Керімбекова келіп түскен қонақүйде оған арналған нөмір бос болмай шыққан. Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақүйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты», – делінген ұлттық арнаның жауабында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама қатысушылары мен олардың орындайтын әнін корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктейді. Ал Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Qazaqstan» телеарнасы әншіні ары қарай да жобадан көргісі келетінін мәлімдеген.

 «Qazaqstan» телеарнасы мен арна көрермендері А.Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді», – делінген хабарламада.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар