Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Кететінін сездірді”: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің студияда көз жұмғанын айтты

“Кететінін сездірді”: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің студияда көз жұмғанын айтты
Сурет: коллаж KYN.KZ
Сондай тұлғаның жаназасын шығаруға келгенде үлкен сұрақ болып қалуы өте өкінішті

Танымал әнші Индира Елемес марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің студияда көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші “Астарлы ақиқат” бағдарламасында әңгімеледі. Айтуынша, ол отбасынан бөлек тұрған. Өмірінің соңғы күндерінде сазгер бала-шағасын қатты сағынып жүрген. 

“Жүрегі тоқтап, бір сәтте кетіп қалды. Қатты қиналып, ауырған да жоқ. Осы студияда болды. Қасындағы жігіттердің айтуынша, су ішіп, жатып қалған. Содан оянбаған. Таңғы 9-дар шамасында жүріп кеткен. Соңғы демі қалғанша екеуміз студияда ән жаздық. Ағалы-қарындас болып араласатын едік. Тіпті жаназасын өзімнің үйімнен шығарғым келді. Бірақ имамдар рұқсат етпеді. Жан тапсырған студиядан орталық мешітке алып кетті. Бұл тақырыпта әңгіме айту маған қиын. Бірақ ақиқаты осы”, – деді әнші.

Өнер иесінің сөзінше, Арман Дүйсенов отбасын жиі айта беретін болған.  

“Соңғы кезде жанұясын қатты сағынып жүргенін айтты. Бала-шағасы мен әйелін жиі айта беретін. Қанша уақыт өтсе де, әлі де ұмыта алмаймын. Ешкімді сөккім келмейді. Бірақ сондай тұлғаның жаназасын шығаруға келгенде үлкен сұрақ болып қалуы өте өкінішті. Не айтарымды да білмеймін?! “Үй болмаса, менің үйімнен шығарайық” деп айтқаным рас. Арман аға отбасын қатты жақсы көретін. Қызы Лондонда оқитын еді, соны уайымдайтын. Бір күні “Ұлым Абылай менің орнымды басады. Ізімді жалғастырады. Айсұлу да керемет келіншек. Сол қалпында жақсы көремін” деп айтты. Сол кезде кететінін сездірді. Бірақ біз тыйып тастап отырдық”, – деді өнер иесі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар