«Бір қыз туып алсам»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы бала жасап алғысы келетінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2024
- 2.2k
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үшінші баланы дүниеге әкелуді жоспарлап жүргенін жасырмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тағы балалы болу туралы үлкен ұлының пікірін сұрап көрген.
«Өзім екі жыл ЭКҰ-орталыққа барып жүрдім. Үлкен ұлым қазір, екінші ұлым да 2 жылдан соң кетеді. Ол да шетелде оқығысы келеді. Шын мәнінде жалғыз қалып қалсам, ЭКҰ-орталықта аналық жасуша сақталған. Солай балаларымды тексерейін деп, «бір қыз туып алсам» дедім. Екеуі де таңданып, «анашым, сіз таңғы 4-те тұра аласыз ба?» деді. Қарсылығын білдіре алмай, мүлде басқа жауап айтты. Солай қалжың аралас әңгіме айттым. «Әр қалжыңның астында шындық бар» дейді ғой. Бірақ балаларымның дайын емес екенін түсіндім», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Тіпті ЭКҰ арқылы бала жасауға болатынын білген. Алайда Нұрлан имам бала асырап алса, бірнеше есе сауап жазылатынын айтыпты.
«Үлкен ұлым «бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз» дейді. Кейде бір қыз асырап алу туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі «асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады» деді. Мені қолдады. ЭКҰ арқылы бала жасауға да болады, Қайраттың биоматериалы сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.