Жатыр мойны обыры: Қазақстанда қыздарды вакцинациялау басталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2024
- 838
Елімізде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы - адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакциналау басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпрат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 жасқа толған қыздар вакцина алуы керек. Ал 12 мен 13 жас аралығындағы қыздарға қайталама иммундау жүргізіледі. Қаулыға бір күн бұрын Қазақстанның бас санитария дәрігері қол қойды.
Жатыр мойны обыры Қазақстан бойынша барлық жастағы әйелдер арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік. 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады.
Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясы екенін дәлелдеді.
Қыздарды қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғау үшін вакцинация қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қолданылатын АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеген. Бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінге дейін 90 пайызға төмендеген.
Ұқсас жаңалықтар
Жедел жәрдем енді барлық қазақстандықтарға келе бермейді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2024
Қыста өршиді: Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024