Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 13 күдікті ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2024
- 306
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушы қыздың ісіне қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, бұл іске қатысты 13 айыпталушы ұсталған. Сонымен бірге қыз қабылдаған ер адамның барлығын тексеретіндерін жеткізді.
"Олардың екеуі үйқамаққа алынды. Қазіргі таңда бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Себебі іске қатысты мәліметтер тергеушінің құзыретінде", – деді Лепеха.
16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер қамауға алынған. Бірақ олардың жастары нақтыланбады.
"Тергеу бұл мәселені қарап жатыр. Біз қыз қабылдаған адамдардың барлығын тексереміз", – деді Лепеха.