"Әке махаббатын” сезіндірді: RaiM Еркенің оқушы ұлына көлік сыйлады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қыркүйек, 2024
- 1.6k
Белгілі әнші RaiM өзінен жасы үлкен әйелі Ерке Есмаханның үлкен ұлына қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әнші күйеуіне алғысын жаудырып, ұлына әке махаббатын сездіріп жатқан оған ризашылығын білдірді.
«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады. Ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашып, қабілетін шыңдады. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа, мама” деп, толыққанды отбасында өсуде», – деді әнші.
RaiM Еркенің ұлына соңғы үлгідегі көлік сыйлаған.
"Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол», – деп жазды Ерке Есмахан.
Сондай-ақ, жақсы жар және керемет әке жолықтырғанына шүкіршілік айтты.
Желі қолданушылары құтты болсын айтып, тілектерін жаудырды.