Мәдениет
«Үшінші рет басымнан кешудемін»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі жүкті екенін мәлімдеді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қыркүйек, 2024
- 1.8k
Мархабат Беспаева үшінші сәбиіне жүкті
Әнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі Мархабат Беспаева өзінің жүкті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.
“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін”, – деп жазды Мархабат.
Араға 9 жыл салып көтерген сәбиін асыға күтетінін мәлімдеп, басқа әйелдерге де жұғысты болуын тіледі.
“Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын”, – деді ол.
Келесі мақала