Мәдениет
“Біз сені қатты күтудеміз”: Мейрамбек Беспаевтың әйелі жүкті екенін мәлімдеді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қыркүйек, 2024
- 486
Мархабат Беспаева үшінші сәбиіне жүкті
Әнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі Мархабат Беспаева өзінің жүкті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.
“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін”, – деп жазды Мархабат.
Араға 9 жыл салып көтерген сәбиін асыға күтетінін мәлімдеді.
“Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын”, – деді ол.