Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Демалыс күндері Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін

Демалыс күндері Астана мен Алматыда жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін
Сурет: aussiedlerbote.de
Астана мен Алматыда демалыс күндері ауа райы бұлтты, жаңбырлы болады

Қазгидромет демалыс күндері мен дүйсенбіде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

28 қыркүйекте Астанада ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

29 қыркүйекте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 18-20 градус жылы.

30 қыркүйекте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 19-21 градус жылы.

28 қыркүйекте Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз деп болжануда. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін, күндіз 13-15 градус жылы.

29 қыркүйекте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 17-19 градус жылы.

30 қыркүйекте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 19-21 градус жылы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар