“Зорланған ару хабарласа ма?”: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнуару Құрманәлінің әрекетін ұятқа балады
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қыркүйек, 2024
- 9.8k
Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәліге қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Клара Исаның айтуынша, Әнару Құрманәлінің күнде хабарласады.
“Түнімен, Құдайдың құтты күні осындай звоноктар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты. «Зорланған ару» есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз, – дейді Клара Иса.
Боксшының әйелі өзінің адамдыққа салынып, сазгердің қызын аяп отырғанын айтты.
“Біз полиция шақырып, трезвый емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Жанқошты тоқтатып отырмын. Бұл ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой, қиялына ерік берген деп”, – дейді ол.