«25 градусқа дейін жылы»: синоптиктер алдағы үш күнге Астана мен Алматы қаласына ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қазан, 2024
- 717
Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астанада 8 қазан жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 2-7, күндіз 7-12 метр секундқа дейін соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Сондай-ақ, 9 қазан да жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 метр секундқа дейін соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 19-21 градус жылы.
10 қазан ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 17-19 градус жылылықты көрсетеді.
Ал 8 қазан Алматыда ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады. 9 қазан түнде 11-13 градус, күндіз 21-23 градус жылы.
10 қазанда жауын-шашын болмайды. Жел 0-5 метр секундқа дейін соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 23-25 градус жылы болады.