Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мені үнемі аңдып тұратындай»: Дана Нұржігіт экс-күйеуінің өзіне көрсеткен қитұрқы әрекеттері туралы айтты

«Мені үнемі аңдып тұратындай»: Дана Нұржігіт экс-күйеуінің өзіне көрсеткен қитұрқы әрекеттері туралы айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Бір жаққа кетіп бара жатсам, «кіммен сөйлесіп бара жатырсың, біз туралы айтып жатырсың ба?» деп қоңырау шалатын

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт экс-күйеуімен ажырасқаннан соң да одан қорлық көргені туралы айтып берді. Бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ажырасқаннан кейін де күйеуі оның ізін аңдуын тоқтатпаған. Қайда барса да алдынан шығатынды шығарған. Тіпті соның салдарынан журналисттің денсаулығы сыр бере бастаған.

«Біз ресми түрде 2019 жыл мен 2022 жыл аралығында ғана некеде болдық. Бірақ ажырасқан соң да оның қитұрқы әрекеттері тоқтаған жоқ. Менің ізімді  аңдуды шығарды. Күн, түн демей қоңырау шалатын. Бассейнде жүзіп жүрсем, алдымда тұратын. Жұмыстан шықсам, көлігімнің жанында күтіп тұрады.  Дәрігерге жазылсам, тіпті сол жерде жүретін. Осы нәрселерден соң денсаулығым нашарлап, процедура алып жүрдім. Сөйтсем, сол жерге кіріп келді. Бір жаққа кетіп бара жатсам, «кіммен сөйлесіп бара жатырсың, біз туралы айтып жатырсың ба?» деп қоңырау шалатын. Шыны керек, алаңдамай жүре алмайтын күйге жеттім. Құдды біреу мені үнемі аңдып тұратындай көрінетін. 2022 жылдың екінші жартысы мен 2023 жылды осылай өткіздім. Осы жылы 13 маусымда сот үкімі күшіне енді», - деді ол.

Сондай-ақ, бұрынғы күйеуі E-otinish арқылы Дана Нұржігіттің үстінен бірнеге рет арыз жазған.

«E-otinish мені қайта-қайта шақыратын. Бірде телефонымды жоғалтып алып, полицияға бардым. Сөйтсем, олар «бұрынғы күйеуіңіздің арызы бойынша келдіңіз бе?» деп сұрайды. Мен «жоқ» дедім. Олар «сіздің үстіңізден арыз түсті, енді оны Экономикалық тергеу департаментіне жібердік» дейді. Ары қарай бұл «Хабарға» жеткен. Мені «Хабардың» бас директоры шақыртып алып, менің үстімнен арыз түскенін айтты. Мен ол жақта штатта жұмыс істемеймін. Бірақ соның өзінде өзім істемеген әрекеттерім үшін ақталуыма тура келді», - деп күйінеді Дана Нұржігіт.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар