«Данышпан адам құсап»: Заттыбек Көпбосынұлы желіде ақыл айтатындарды сынады
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қазан, 2024
- 461
Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы соңғы кездері ақыл айтатындардың көбейіп кеткенін жазып, сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айтуынша, халық хайпқа жақын дүниелерді көп көреді және соны таратып, оларды танымал қылып жатқан да өздері.
“Ақыл айтқыштар көбейіп кетті. Ішінде жап-жас інілеріміз, жап-жас қарындастарымыз бар. Олардың қаншалықты өмір сүріп, қаншалықты ой түйгендерін қайдам бірақ, данышпан адам құсап ақыл айтады. Кейбіреулерінің теріс қылықтары, теріс пайымдары көп. Бұлардың көбеюі халықтың соларды көріп, соны қолдап жатқанының әсері ғой. Өйткені менің өзім желіге жақында бір коучтарға ұқсатып видео жүктеген едім. Оның қаралымы да, таралымы артып кетті. Сәл бір қисайып сөйлеп, хайпқа жақын дүниелер жасасаң оны халық өзі таратып, өзі танымал етеді екен. Ал рас дүниелерге қызығатындар аз" – дейді өнер иесі.
Бұдан бөлек әнші бір айда бірнеше тойға шығатынын және ешкімнің көңілін қалдырғысы келмегеннен баратынын жеткізді.