Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанар Айжанова аты шулы Хасанға қандай қатысы барын айтты

Жанар Айжанова аты шулы  Хасанға қандай қатысы барын айтты
коллаж kyn.kz
Әнші қылмыскерлерге қатысы бар деген жігітті өзіне аяқ-қолын байлап, әкеліп беруді сұрады.

Әнші Жанар Айжанова кезінде бір жиында қазір Талғардағы қылмыстық топты басқарады деп жүрген Хасан есімді жігітпен түскен суреті басына бәле болғанын айтты. Оның сөзінше  халық әртістерді қандай әрекетке барса да айыптай береді екен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

“Хасан деген бәле болды. Желкемнен келіп суретке түскен екен, мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар. Құдіреттерің жетсе, сол Хасанды, интервью беріп сайрап отыр ғой, “жазығым жоқ, үш баланың әкесімін, өзіммен өзім шаруашылықта жүрген адаммын” деп, егер шын ақиқатты білетін болсаңдар, барып қол-аяғын байлап әкеліңдерші менің аяғыма. Айтатынымды оған да айтам. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қазаның маған не қатысы бар. Сендер айтқаннан кейін біліп жатырмын оның Хасан екенін. Бір томпиған бала артымда тұр. Ол қай жылы түкен сурет, қай жерде түсірілген, қасында тағы басқа да әншілер тұр. Алып келіңдер пожалуйста, мен Талғарға жақын жерде тұрам, қашық емес. Қолын байлап әкеліңдерші, көрейік сосын кімнің кім екені”,-дейді әнші.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар