Ақмола облысында туған әпкесі мүгедек бауырын мұрагерліктен заңсыз айырған
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қазан, 2024
- 201
Ақмола облысында туған әпкесі мүгедек бауырын мұрагерліктен заңсыз айырғаны анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.
Әрекетке қабілетсіз азаматтың анасы қайтыс болған соң мұра ашылғандығы анықталды. Алайда, оның туған әпкелерінің бірі, нотариустан бірінші кезектегі мұрагер бар екендігін жасырып, 6 ай өткеннен соң, өзінің туған бауырын мұрасыз қалдырған. Осылайша, анасының барлық мүлкіне мұрагерлік құқық туралы куәлікті тек өзіне алған.
«Аудан прокуратурасы әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін сотқа мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру және мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы, сонымен қатар әпкесінің мұрагерлік мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралар қабылдай бастауына байланысты аталған мүлікке тыйым салуы туралы өтініш берілді.
Сотпен прокурордың талап қою арызы толығымен қанағаттандырылды, әрекеткеқабілеттілігі жоқ тұлғаға мұрагерлікті қабылдау бойынша мерзімі қалпына келтірілді, әпкесінеберілген мұрагерлік құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылды.
Соттың шешімі заңды күшіне енді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.