«Ақ көйлек киесің» деп уәде бердім»: Айқын Төлепберген мен Жұлдыз тойларын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 қазан, 2024
- 189
Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тоғыз жылдан кейін үйлену тойларын жасады. Әнші әйеліне ақ көйлек кигізетініне уәде беріпті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Олар тойға өздері жақын араласатын достары мен кейбір өнер иелерін шақырған.
“Жаным Жұлдыз мен сені жақсы көремін. Өз тойымызда өзімнің сүйікті әншімді шақырдым. Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі қарсы болды. Әке-шешемнен бастап, достарыма дейін теріс айналды. Бірақ мен үйленемін деп өз сөзімде тұрып алдым. Алған бетімнен қайтпадым. Өзіңді кездестіргеннен кейін көп нәрсе өзгерді. Мен Жұлдызға сенің әкең, досың, ағаң да боламын деп айттым. Тіпті саған құрбы да керегі жоқ. Сол кезде “Ақ көйлек киесің” деп уәде берген едім. Міне, уәдемді орындадым. Анам да жылап отыр”, – деді Айқын.
Ол тойына шақырған сүйікті әншісін ортаға шақырып, онымен бірге ән шырқады.