Алматыда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қараша, 2024
- 387
Алматыда алдағы күндері жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласуы мүмкін. Әкімдік жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі әкімдікке сілтеме жасап.
Сонымен қатар қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Әкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматыда 5-8 қараша аралығында жаңбыр, ал 7 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы +2°C-қа дейін төмендейді.
"Су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін 490 арнайы техника және 1120 жұмысшы жұмылдырылды. 6 қараша кештен бастап жолдарда 160 құмшашыратқыш кезекшілік етеді", - делінген ведомство хабарламасында.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 6 қарашада күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +16°C болғанымен, жаңбыр жауады, түнде +8…+10°C. 7 қарашада жаңбыр соңы қарға ұласып, ауа температурасы +2°C- қа дейін төмендейді.