Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген: БҚО-да экс-әкім бостандыққа шықты
- автор kyn.kz
- 7 қараша, 2024
- 226
11 жылға сотталған Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өтелмеген жазаны шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш білдірген, деп хабарлайды KYN.KZ “Мой город" порталына сілтеме жасап.
Ол 11 жылға сотталған болатын. 8 жылдан кейін өтелмеген мерзімін шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш білдірген. Оның жаза өтеу мерзімі 2027 жылдың 14 наурызында аяқталуы керек еді.
Анықталғандай, экс-әкімнің нақты мерзімі шартты мерзімге 2024 жылдың сәуірінде ауыстырылды. Бірақ бұл қазір ғана белгілі болды.
Соттың мәліметінше, жазасын өтеу кезінде Серікқалиев ішкі ережелерді бұзбаған. Жұмыс істеген, іс-шараларға қатысқан, 15 рет көтермелеу алған.
Еске салсақ, 2016 жылдың 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің нақсүйеріне екі адам шабуыл жасаған болатын. Көптеген пышақ жарақатын алған әйел аман қалды. Ол Теректі ауданының ТКШ бастығының жүргізушісін танып қойған. Сот талқылауы барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев өзінің досы ТКШ бастығы Қожамұратовтан әйелді өлтіруін сұрағаны белгілі болды. Өйткені олардың арасында қызы болған. Сол арқылы әйел сүйіктісін бопсалаған. Сөйтіп Қожамұратов тапсырысты орындаушы ретінде өз жүргізушісін 500 мың теңгеге жалдап, әйелді өлтіруді тапсырған.
Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына үкім 2016 жылғы 1 қыркүйекте шығарылды. Оларға қатаң режимдегі колонияда 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Соттан кейін жәбірленуші үкімге шағымданатынын жеткізген. Өйткені ол Жеңіс Серікқалиевті кінәлі санамайтынын айтқан.
Автор: Ерасыл Дарханұлы
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024