Калейдоскоп
«Қарлы боран мен көктайғақ»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қараша, 2024
- 1.8k
Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 8-13 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі
Синоптиктер алдағы үш күнге 9, 10 және 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Қар жауады; батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын - жаңбыр, қарлы боран мен көктайғақ болады. Елдің көп бөлігінде секундына екпіні 15-29 метр қатты жел соғады. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады деп болжанған", - делінген хабарламада.
Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 8-13 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.