«Көктайғақ күтіледі»: 14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 қараша, 2024
- 435
«Қазгидромет» РМК 14-16 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжауынша, аптаның ортасында еліміздің батысында, содан кейін оңтүстігінде антициклонның әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ал республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қар болып, солтүстігінде бұрқасын сақталады.
«15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысады, одан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі. Түнде ауа температурасының батыста 1-10 градус жылыға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус аязға дейін, орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градус аязға дейін, оңтүстікте 2-10 градус аязға дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 аязға дейін төмендейді деп күтіліп отыр», - делінген синоптиктер болжамында.
Ұқсас жаңалықтар
“Тұман, көктайғақ болады”: 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 желтоқсан, 2024