«Сау әпкемді жездем ұрып, жынды етіп қойды»: Ақтөбеде имам әйелін дінмен қорқытып, үйде қамап ұстаған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2024
- 482
Бұрынғы имам әйелін үйінде қамап ұстап, ешкіммен араластырмай келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы abdulla_kz_kz парақшасында жарияланды.
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, қазіргі теолог әйелін ұрып-соққан. Тіпті туыстарымен араластырмай, дінмен қорқытып отырыпты.
Келіншектің сіңлісінің айтуынша, жездесі әпкесіне жындар мен тозақ туралы әңгіме көп айтқан. Сөйтіп оны адам танымастай өзгертіп тастаған. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған келіншек ауырып қалған. Ал күйеуі медициналық қызметке жүгінбей, дін жолымен емдемекші болыпты. Соңында жағдайы одан сайын нашарлай түскіпті.
«Сап-сау әпкемді жездем ұрып, жынды етіп қойды. Әпкемнің түк жазығы жоқ еді. Өте жуас болатын. Тіпті, дінді жақсы ұстанады. Бөтен ер адамдармен сөйлеспейтін. Жолдасы мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге тыйым салған. Туыстары бар чаттан шығарып жіберген. Әпкем еріне бағынған инабатты келіншек болды. Ал соңында өзі далада қалды», - дейді сіңлісі.
Қазіргі кезде әпкесі 4 баласымен өзінің қасында екенін айтады.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024