“Тұншықтырған, қылқындырған”: Жаркенттегі офицердің өлімі жайлы туысы өзінің естігендерін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 қараша, 2024
- 975
Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде көз жұмған Дәулет Нұрланұлының туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын білгісі келетінін айтып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
“Өзіміздің Дархан. Неге десем, «білмеймін, үш солдат, бір офицер қинап өлтірген деп айтып жатыр, мына жақта» дейді. Жақсы дедім де, қойдым. Есімді жинай алмай отырдым. Марат ағамен сөйлескен кезде, жанында балалар тұрды, әскери полицияның бір офицері, подполковник айтты «иә, тұншықтырған, қылқындырған, барлық орыны бар, бәрін анықтамаға жазды» деп. Енді сараптаманы бір айдан кейін аласыңдар деді”, – дейді телеарнаға марқұмның туысы Гүлмира Сабырова.
26 жастағы Дәулет Нұрланұлы Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің институтында оқыған. Отарда біраз қызмет еткен. Жаркенттегі 74261 әскери бөліміне ауысып, екі айдан кейін көз жұмды.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024