«Бір тойда үш ақбоз ат мініп, шалқып жүрді»: Заттыбек Көпбосынов 50 жасын тойлады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 қараша, 2024
- 31
Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы дүркіретіп 50 жасын тойлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол туған күн кешін Шымкент қаласындағы ең қымбат мейрамхананың бірінде өткізді. Өнердегі достары әншіні туған күнімен құттықтады.
“Кеше қазақ өзі ардақтап, еркелеткен Заттыбек ағамыз елуге келген тойын атап өтті. Үлкен сахна да, перзент те ағамызға кештеу бұйырды. Бірақ, сынаққа дес бермей, сабырмен жеңе білген соң да басындағы бағы баянды болған шығар?! Бихан ұлы әкесіне арнап ән шырқап, ағаның өзі қызы Айзерер мен ән салды! Бір тойда үш ақбоз ат мініп, ағайын мен дос-туыстың арасында шалқып жүрді.
Қарындасы ретінде адамдығын асқақ ұстап жүрген алтын ағамыз үшін қуандық. Бірге шаттандық. Алматыда есеп беру кешін өткізеді. Алла қуат берсін!
Өмірдің бақытын біздің буын енді ғана сезініп жатырмыз ғой, қалған ғұмыр тек қуанышқа толы болсын!, – деп жазды әнші.