«Ақкербез болмауы да мүмкін»: Баян Мақсатқызы «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы қайта анықталатынын мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 қараша, 2024
- 979
Продюсер Баян Мақсатқызы "Қазақ аруы" байқауына қатысты мәлімдеме жасап, қателік кеткенін мойындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Айтуынша, байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққан. Сондықтан "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы қайтадан анықталады.
"Қазақ аруы" байқауына қатысты мәлімдеме жасаймын. Біздің провайдерлер артылған жүкті көтере алмады. Бұл біздің кінәміз емес. Телеграм арнасы дауыс берушілерді көтере алмай қалды. Жарты миллионға жуық адам дауыс бергісі келген. Бұл байқаудың көпшілікке танымал екенін көрсетеді. Ұйымдастырушы ретінде провайдерлердің кінәсін мойнымызға алып, ертеңгі телеарнаға шығатын эфирде дауыс беруді қайта жасағымыз келіп отыр. ...Тарихта бірінші рет қайтадан дауыс беру болайын деп тұр. Біз қашан да әділдік үшін шырылдаймыз. Бұл атаққа Ақкербез лайық болуы мүмкін немесе Ақкербез болмауы да мүмкін. Бәрі халықтың еншісінде», – деді Баян Алагөзова.
Байқау телеарна эфирінен көрсетіліп, халық сол жерде дауыс бере алады.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024