Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қарлы күндер мен жауын-шашын»: Синоптиктер 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне болжам жасады

«Қарлы күндер мен жауын-шашын»: Синоптиктер 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне болжам жасады
Сурет: rbc.ru
025 жылдың қаңтар айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде

Синоптиктер елімізде 2024-2025 жылғы қыс мезгілінің қалай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осы жылдың соңғы айында Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын жаңбыр мен бұрқасын түрінде жауады. Ал таулы аймақтарда қалың қар болады. Республиканың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік және орталықта айдың бірінші жартысында түнде -18, -23 градустан -7, -12 градусқа дейін, күндіз -4, +1 градустан -8, -13 градусқа дейін. Айдың екінші жартысында түнде -25, -37 градусқа дейін, күндіз -15, -25 градусқа дейін суық болады, дегенмен кей күндері аяз төмендейді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде -10, -18 градустан 0, -5 градусқа дейін, күндіз 0, -5 градустан +3, +12 градусқа дейін болады. Желтоқсанның аяғында аяз түнде -15, -22, күндіз -5, -13 градусқа дейін күшейеді.

2025 жылдың қаңтар айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде. Қарлы күндер де, жауын-шашынсыз кезең де болады. Ақпан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы орташа деңгейден 1 градусқа жоғары болады.

"Жалпы, 2024-2025 жылдардағы қыста жауын-шашынның көпжылдық нормадан асатын температуралық режимі климаттық норма шегінде болады деп күтілуде, алайда жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының нормадан төмен болмайды", – деп қорытындылады синоптиктер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар